понедельник, 22 апреля 2013 г.

Студенттік жылдар

Студенттік өмір - бұл тек қана оқу ғана емес, сонымен қатар достармен бірге өткізілген қуанышты күндер, ән-күй кештері, спорттық шаралар - барлығы да студенттік өмірдің бір нышаны.

Студенттік жылдар –ЖОО түсу бақытына ие болғандардың өмірлік кезеңі .

Студенттік өмір - бұл оқуға түсу кезіндегі студент қатарына қабылдау,  сессиялар, күздік спорттық кросстар және де достарыңмен бірге откізген ұмытылмас кездер. Жоғары оқу орындарында ғылым мен білім өзара тығыз байланысқан, сондықтан да студенттің алдында тұрған мәселелердің бастысы ол бар күшін, көңілін білім алуға жіберу.  
Студенттердің университеттегі өмірін қадағалап, оған жол сілтеуші болып, оқудан тыс шараларға қатыстыруғ студенттердің құқықтарын қорғау, басқа да университеттермен қарым-қатынасқа түсу, байланыс орнатушы студенттік басқару жұмыс атқаруда.
Оның басты мақсаты ЖОО-ғы студенттердің өзін басқару органдарын қалыптастыру,  университеттердің арасында байланыс орнату, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын студенттер және студенттік ұйымдардың арасында ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Студенттер университетте өтетін шараларға, сенбіліктерге, ән-би кештеріне, мысалға "Студенттік көктем", "Би көңілдің жаршысы"  және т.б. қатысуда.
Өміріңнің ең қызықты шақтары. Студент болып білім жолын іздеп, таныстарың артады. Бұл жылдар ешқашан естес шықпастай жылдар.
Ашық жарқын әзілдесіп жүретін,
Сәл нәрсеге мәз болысып күлетін.
Күндіз түні уйді көрмей шапқылап,
Кей сәттері ұйықтап қап парағада бармайтын.
Сол күндеріміз өтеді гой армандай
Көз ұшқында қолын былғап қалғандай.
Есейген сон есімізге алсақ соларды
СТУДЕНТТІК ӨМІР тек ертегі боп өткені...

Студент сөздігі мен тарих намасы.

Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның

Тәуелсіздік тұғырым!


Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев
 
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.  Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Менің МузАртым


МузАРТҚазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.
Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.
«МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар. 3 альбомы жарық көрген: «Сенің көзің», «Әттең-ай» және «Есіңе ал».
 «МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Қордабайұлы Майғазиев, Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбіловтер «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері болып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталды

Ел анасы, Фариза апам!


   

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.
     Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.  
Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.

Ашылмаған сырым. Домбырам...


 Қазақ  халқы қашанда мерекесі мен қуанышында, қайғысы мен бейнетінде домбырамен күй шертіп, ән-салып, жанына рахат қосып, дертіне шипа таба білген, нарды да идірген рухани бай халық деп білемін. Қосарлана зарлаған қос ішектің дауысы сенімен бірге қуанып, сенімен бірге мұңдасқандай болады. Қазақтың күйші-батырлары да өмір бойы өзімен бірге домбырасын серік етіп арқалап жүретіні бекер емес. Мен де дүниеге көзімді ашқалы бері серіліктің күнін кешпесем де, қара домбырамды арқалаумен келемін. Үнсіз досым, кейде адал жарыңдай болады. 23 жылдай қысқа ғұмырымда осы аспапта білім алып, оны зерттеумен келемін. Қазіргі жаhандану заманында аспабымыз түрлі формат, яғни, заманауи музыкалық жанрлардың сан алуанына байланысты дамып келеді. Соған қарамастандомбыраның үні мен дыбыс бояуы сақталып келе жатқанына не себеп? Осы сұрақтың жауабын тобымыздың продюсері Нұржан мырза сонау 88 жылдары білген-ді. Оның айтуынша, мәселенің басы домбыраның 2 ішегінің қалыңдығында екен. Яғни, 2 ішектің диаметрі бірдей болғандықтан, домбыра - домбыраның үнін береді. Егер де астыңғы ішегін жіңішкелеу қылып тақса, домбыраның колориді өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.
Қазақ
Әр халықтың өзіндік ерекшеліктері, фольклоры, салт-дәстүрі, дағдылары болады. Біздің қазақ халқында, оның ішінде фольклоры, музыкасының ерекшелігінің өзіндік орны бар. "Нағыз қазақ - домбыра" деген сөзден кейін де төбең көкке көтеріліп, жігерленіп қалатынымыз да рас.
Домбыраның әлі-ақ мүмкіншіліктері көбейіп, көптеген сырлары ашылып, әлемдік дәрежеде сапалы орынға шығады деген үлкен үмітпен, сеніммен қараймын!

Біз құлмызба?


Біз құлмыз ба?

Адамзат баласы басып өткен тарихқа көз жүгіртсеңіз пұлсыз құлдардың кісі мекендеген жердің әр түкпірінде өмір сүргенін білу қиын емес. Солай да, солай... тәуелсіз өмір туралы түсінік болмайды. Тәуелсіз ой да, сана да болмайды. Егер осының бәрі керісінше болса біздің ел, біздің ұлт бүгінгі қалге түсер ме еді... Сіз кімге тәуелдісіз? Тәуелді болмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Шынымен де бұл туралы ойлау дұрыс па?