понедельник, 22 апреля 2013 г.

«Blogcamp-2013»



«Blogcamp-2013»  бұрынғыдан өзгерек болатындығын біз айтқанбыз. Солай болды да. Жиында бірден көзге түскені  бұл  құрылтайға жас блоггерлердің  көп келуі болды. «Жас келсе –іске» дейді атам қазақ. Жастардың белсенділігі қуантқанымен  жиынның мазмұны біз күткендей деңгейде болған жоқ. Көтерілген мәселелердің ішінде  елең еткізерлік жаңалық  кездестірмедік.
§Блогтардың мазмұнын жақсартып,  салалық блогтар жүргізу мәселесі бұрыннан айтылып жүретін еді. Сөз жоқ  бұл тақырып өзекті болатын. Бірақ, КерекИнфо сайтының администраторы Аршат Оразов айтып жүргендей блогтардың сапасы маңызды еді. Ал, біз сападан гөрі әзірге сан қуып жүрміз.
§Жиналғандардың көп болуы және  талқыға түсетін тақырыптардың  аз болуының себебі содан. Рас, ерте ме, кеш пе сапаға өтеріміз анық. Бірақ,  сапаны жақсартуды қазірден бастап қолға алу керек. Келесі құрылтайға 200-300 адамның қатысуы міндетті емес,  тек интернеттің қазақ тіліндегі сегментіне  өзгеріс жасай алатын 50-60 блоггер мен сайт администраторлары бас қосса жетеді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий