понедельник, 22 апреля 2013 г.

Футболдан турнир


Футболдан турнир
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің   20 жылдығына орай ашық алаңда футболдан турнир өтті.
Турнирде тек қазақ жігіттері ғана емес , сонымен қатар шетелдік студенттерде шаршы алаңнан табылды. Негізгі мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту. Жалпы әр мемлекеттің және факультеттің студенттерінен құралған  команда жарысқа түсті. Олар: «Ахал «Түркімен», «Ащхабат», «Медицина», «Медицина 2 »,  «Жарфак», «Жарфак2»,  «Заң»,  «Заң2»,  «Дағыстан» ,»Тарих», «Қырғызстан», «Тарих», «АТИФ», «Түркия құрамасы», «Әзірбайжан», «Экономика». Екі күндік өзара сайыстың нәтижесінде  «Түркия құрамасы» командасы өзгелерден басым болып 1 орынды иеленді. Ал 2 орын «Экономика» командасына бұйырса, «Ашхабаттың» аяқдопшылары 3 орынды қанағат тұтты.

Комментариев нет:

Отправить комментарий