понедельник, 22 апреля 2013 г.

Студенттік жылдар

Студенттік өмір - бұл тек қана оқу ғана емес, сонымен қатар достармен бірге өткізілген қуанышты күндер, ән-күй кештері, спорттық шаралар - барлығы да студенттік өмірдің бір нышаны.

Студенттік жылдар –ЖОО түсу бақытына ие болғандардың өмірлік кезеңі .

Студенттік өмір - бұл оқуға түсу кезіндегі студент қатарына қабылдау,  сессиялар, күздік спорттық кросстар және де достарыңмен бірге откізген ұмытылмас кездер. Жоғары оқу орындарында ғылым мен білім өзара тығыз байланысқан, сондықтан да студенттің алдында тұрған мәселелердің бастысы ол бар күшін, көңілін білім алуға жіберу.  
Студенттердің университеттегі өмірін қадағалап, оған жол сілтеуші болып, оқудан тыс шараларға қатыстыруғ студенттердің құқықтарын қорғау, басқа да университеттермен қарым-қатынасқа түсу, байланыс орнатушы студенттік басқару жұмыс атқаруда.
Оның басты мақсаты ЖОО-ғы студенттердің өзін басқару органдарын қалыптастыру,  университеттердің арасында байланыс орнату, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын студенттер және студенттік ұйымдардың арасында ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Студенттер университетте өтетін шараларға, сенбіліктерге, ән-би кештеріне, мысалға "Студенттік көктем", "Би көңілдің жаршысы"  және т.б. қатысуда.
Өміріңнің ең қызықты шақтары. Студент болып білім жолын іздеп, таныстарың артады. Бұл жылдар ешқашан естес шықпастай жылдар.
Ашық жарқын әзілдесіп жүретін,
Сәл нәрсеге мәз болысып күлетін.
Күндіз түні уйді көрмей шапқылап,
Кей сәттері ұйықтап қап парағада бармайтын.
Сол күндеріміз өтеді гой армандай
Көз ұшқында қолын былғап қалғандай.
Есейген сон есімізге алсақ соларды
СТУДЕНТТІК ӨМІР тек ертегі боп өткені...

Студент сөздігі мен тарих намасы.

Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның

Тәуелсіздік тұғырым!


Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев
 
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.  Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Менің МузАртым


МузАРТҚазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.
Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.
«МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар. 3 альбомы жарық көрген: «Сенің көзің», «Әттең-ай» және «Есіңе ал».
 «МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Қордабайұлы Майғазиев, Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбіловтер «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері болып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталды

Ел анасы, Фариза апам!


   

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.
     Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.  
Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.

Ашылмаған сырым. Домбырам...


 Қазақ  халқы қашанда мерекесі мен қуанышында, қайғысы мен бейнетінде домбырамен күй шертіп, ән-салып, жанына рахат қосып, дертіне шипа таба білген, нарды да идірген рухани бай халық деп білемін. Қосарлана зарлаған қос ішектің дауысы сенімен бірге қуанып, сенімен бірге мұңдасқандай болады. Қазақтың күйші-батырлары да өмір бойы өзімен бірге домбырасын серік етіп арқалап жүретіні бекер емес. Мен де дүниеге көзімді ашқалы бері серіліктің күнін кешпесем де, қара домбырамды арқалаумен келемін. Үнсіз досым, кейде адал жарыңдай болады. 23 жылдай қысқа ғұмырымда осы аспапта білім алып, оны зерттеумен келемін. Қазіргі жаhандану заманында аспабымыз түрлі формат, яғни, заманауи музыкалық жанрлардың сан алуанына байланысты дамып келеді. Соған қарамастандомбыраның үні мен дыбыс бояуы сақталып келе жатқанына не себеп? Осы сұрақтың жауабын тобымыздың продюсері Нұржан мырза сонау 88 жылдары білген-ді. Оның айтуынша, мәселенің басы домбыраның 2 ішегінің қалыңдығында екен. Яғни, 2 ішектің диаметрі бірдей болғандықтан, домбыра - домбыраның үнін береді. Егер де астыңғы ішегін жіңішкелеу қылып тақса, домбыраның колориді өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.
Қазақ
Әр халықтың өзіндік ерекшеліктері, фольклоры, салт-дәстүрі, дағдылары болады. Біздің қазақ халқында, оның ішінде фольклоры, музыкасының ерекшелігінің өзіндік орны бар. "Нағыз қазақ - домбыра" деген сөзден кейін де төбең көкке көтеріліп, жігерленіп қалатынымыз да рас.
Домбыраның әлі-ақ мүмкіншіліктері көбейіп, көптеген сырлары ашылып, әлемдік дәрежеде сапалы орынға шығады деген үлкен үмітпен, сеніммен қараймын!

Біз құлмызба?


Біз құлмыз ба?

Адамзат баласы басып өткен тарихқа көз жүгіртсеңіз пұлсыз құлдардың кісі мекендеген жердің әр түкпірінде өмір сүргенін білу қиын емес. Солай да, солай... тәуелсіз өмір туралы түсінік болмайды. Тәуелсіз ой да, сана да болмайды. Егер осының бәрі керісінше болса біздің ел, біздің ұлт бүгінгі қалге түсер ме еді... Сіз кімге тәуелдісіз? Тәуелді болмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Шынымен де бұл туралы ойлау дұрыс па?

Әке менің...


Сен қаншама ауыртпалықты бастан кештің. Ыстыққа төзіп, суыққа шыдамдылық таныттың. Бір емес, бірнеше қатерден аман қалдың
Мен сенің қас-қабағыңа қарап өстім. Сенің қабағың маған сабақ болып келе жатыр. Мен сенің көзқарасыңнан әлі де қорқамын
Қолың алтын сенің. Майысқанды түзетіп, қисайғанды қалпына келтіретін жансың. Сен үшін шешілмейтін түйін жоқ
Бір өзіңсіз мынау өмір көңілсіз. Алыста жүргенде мен сені қатты сағынамын. Бар ісімді тастап, саған қарай ұмтылуға даярмын.
Көктемнің салқын жауынының астында қалдық. Сонда иығыма өз күртешеңді жауып, менің жаурап қалмауыма алаңдадың. Менің өзің қайтесің дегеніме, "Мен - ер-азаматпын" дедің де қойдың.
Сендей жан өмірімде жолығады ма?! Бәлкім, дәл өзіңдей жан кезікпес. Өзіңдей жан қайта туар ма екен?!
Бірақ, мен сен сияқты жанмен бірге болғым келеді. Себебі, көз ашқалы сен менің жанымдасың. 
Сен менің қазынамсың, әке! Мен сені қатты жақсы көремін! Анам менің аспаным болса, сен менің асқарымсың, әке! Қос жарығым әр кез аман болсын, иншаллаһ!
P.S. Әкем қызмет бабымен үйден жырақта көп жүреді. Ес біліп қалған кезім, әкем ұзақ сапарға Польша еліне кетті. Сол кездегі әкеме деген сағынышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әкемнің есікті ашып, табалдырықты аттай бергенде жүгіріп барып, мойнына асылғанымда өзімді ең бақытты жандай сезінгенмін. Иә, мен бақыттымын! Себебі, мен әкем сияқты асқардан туылған жанмын!
P.S.S. Бүгінде де жанымда көп бола бермейсің. Бәлкім, бұл да дұрыс шығар. Себебі, өз елімді тауып, мен де кетемін ертең. Ол кезде өзіңді бұдан қатты сағынатын шығармын

Анашым..


Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал - ана! Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылыуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды.

Сара Алпысқызы - бүкіл Қазақстан балаларына қамқоршы. Бүкіл Қазақстандық балалар ол кісіні ең бас анамыз деп атайды. Ол - балажан адам. Бала үшін қолындағы қаражатын, бойындағы қажырын сарп етуге бар. Жақсылық жасағанды қалайды, сәбидің риясыз күлкісін сүйеді. Осы бір аналық махаббат ол кісіні қайырымдылыққа итермеледі. Енді тәуелсіздік алған елең-алаң шақта елдің болашағы саналатын бүлдіршіндерді еңіретпеу керектігін Сара Назарбаева терең түсінді. Сол себептен, аурудың мұңын, жетімнің зарын тыңдайтын, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының негізін қалады.

Панасыз балдырғандарды бауырына басты, талай дімкәс нәрестені шетелге дейін жіберіп емдетті. Балалар үйлеріне қамқорлық көрсетті. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде «Жетім балаларды қорғау туралы» заң қабылданды. Осының нәтижесінде барлық өңірде отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, "Үміт" жасөскіндер үйлері ашылды. Бұл қалашықта жетім және ата-анасыз қамқорлығынсыз қалған балалар от басына ие болды. Өздерінің сол отбасындағы ата-аналарына ие болды. Олардан талай ұл-қыз тәрбиеленіп шықты. Біразы ендігі еңбекке араласып ел қатарына қосылды, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқандары да баршылық. Ал Сара Алпысқызы осындай жастарға «Бөбек» қоры арқылы стипендия тағайындап, әлі күнге көмектеседі.

Сара Алпысқызы салған дара жолдың бірі - «Өзін-өзі тану» жобасы. Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуды мақсат тұтқан жарқын бастаманы жүзеге асыру да оңай болған жоқ. Ол таратқан ілім негізінде бүгінде оқушылардың өмірге деген көзқарасы өзгерді. Тәрбие дұрысталды.

Мен ойлаймын, Сара Назарбаева - нағыз қамқоршы ана. Себебі, өмір бізге сынақ ретінде беріледі. Ал біз ол өмірді түсіну керекпіз, қадірлеу керекпіз. Ал біздің анамыз оған көмектеседі. Барлығына қамқор ана, қайырымды жан атанған Сара Алпысқызына мен де алғыс білдіріп, шын жүректен туған күнімен құттықтаймын!

Қалам ұстағандар дәріс алды


Қазақстандық экономиканың қар­қынды дамуы, оның жаһандық нарық­та орын алуға ұмтылуы түрлі бағдар­ла­маларды дүниеге әкелуде. Бүгінде ел арасында «Халықтық IPO» бағдар­ламасын түcіндіру жөнінде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.
Аталмыш бағдарламаны қазақ жерінде дамыту жайында арнайы се­минар- тренинг өтті. Бұл жоспарлы шараның басымдықтары мен мін­детте­рін ҚР Ұлттық Банкі Алматы қаласы­ның өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің төрағасы Дархан Нұрпейі­сов түсіндіріп берді. «Қаз­коммерц Се­кьюритиз» АҚ басқар­масының төр­айымы Шолпан Ай­набаева тақырып­­тың мән-жайын тереңнен тарқатты. Айту­­лы бағ­дар­ламаға қатысушы «ҚазТрансОйл» АҚ атынан Әсел Ғаббасова сөз алды.
Тренинг негізінен, экономика та­қырыбында қалам тартып жүрген жур­налистер қауымына арнал­ған­дықтан оларға өзге де қызықты баян­дамалар, тренингтер ұсынылды.
Осы саланың білгірі Ш.Айна­бае­ваның брокерлік қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне арналған баян­да­масына, Қазақстан қор биржасының жур­налистерге арналған ақпарат көз­дері мен бағалы қағаздар нарығының ин­фрақұрылымы тақырыбындағы лек­цияларға аса қызығушылық та­ны­тылды.
Сарапшы, экономикалық журна­листика бойынша жаттықтырушы Тө­леген Асқаровтың «Халықтық IPO» та­қырыбын көпшілікке ұсынудың әдіс-тәсілдері жайлы әңгімесі се­минар­ға қатысушылардың кө­ңіл­дерінен шықты. Әсіресе, түрлі ком­паниялар жа­йындағы материалдар­ды дайындау жөніндегі ұсыныстары журналистер қауымы үшін таптырмас көмек болды.
Семинардың екінші бөлімін қар­жылық коммуникациялар тәжіри­бесінің жетекшісі Әсел Нұрғазина «Биржа» іс­керлік ойынымен жал­ғастырды.
Қазақстанның бүкіл аймағынан жиналған журналистер қауымы баспа­сөз клубының президенті Әсел Қара­уыловаға іскерлік семинарды ұйым­дастыра білгендігі үшін өз ал­ғыстарын білдірді.
Семинар соңында журналистерге арнайы сертификаттар тапсырылды.

Менің ұстазым!

Сөзден жыр кестесін төккен Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт белгі менің сынып жетекшім Ченыбаева Зүльфия Сағижанқызының бойынан табылады. Ол мұғалімнің сезімнің ақындығына сабақ барысында анық байқауға болады. Себебі сынып жетекшіміз қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Ол кісінің сөзі «Балалық шағында барын салып оймаған баладан ертең ештеңеде шықпайды, ертең жетістікке де жете алмайды» - дейді. Сондықтан да талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізеді. Ол кісінің сабағынан ешқашан жалықпайсың. Жалығуда мүмкін емес. Тіл сабағы әдебиетпен, тарихпен тығыз байланыста болады. Бір мәтіннен үзінді алынса, сол жайлы апай қызықты мәліметтер, аңыз әңгімелер айтып, шәкірттерін терең білім алуға ынталандырады. Апайымыздың баулуымен біз Абай, Мұқағали өлеңдерін жатқа оқып, «Менің атым Қожа», «Дермене» «Бір атаның балалары» атты повестерді толық оқыдық, ол біз үшін оркестр алдында тұрған дерижер сияқты, ол кісінің кірпік қағысынан біздің құлақ күйіміз бабына келіп, қазақ тілі мен әдебиеттің сазды бастауынан сусындай жөнелеміз. Ұстазымыз кез келген сабақты бүгінгі заманмен үйлестіре өткізеді. Заманның, жаңа техникасы, компьютердің құлағында ойнап, интерактивті тақтамен жұмыс істеп, біздерді шығармашылықпен жұмыс істеуге шыңдайды.
Менің ұстазым – батыр. Алдына келген біздер - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – тентек, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, тентегін тыйып, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Зульфия апай – күн шуақты ана. Аялы алақанымен жасығына күш беріп, жабырқағанға дем беріп, еркесін сабасына түсіріп, есіргенін есіне келтіретін, есіктен кіргенде күн жылуын бар оқушысына бірдей төгетін мейірімді ана. Баланың ішкі жасырын жатқан құпия сырын ашатын мұғалім. Сыныптасымыз Толқынға қарап қарапайым баланың бірі деп ойларсыз. Бірақ Толқынның шығармасы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына оқушылар шығармалар жинағына еніп, Президентіміздің қолына жеткен. Ал Толқынның бойындағы осы қасиетті ашқан мұғалім.
Сыныпта әр оқушыны жанындай жақсы көріп, біздің жүрген жүрісімізден, тұрған тұрысымыз бен қас –қабағымыздан таниды. Сабақта тапсырма орындап отырғанда, төмен қарап отыратын апайымыз кімнің не істеп отырғанын бірден біліп, ескерту жасап отырады. Тіпті жаңа жылдың алдында агентке кімнің кіріп, әңгіме не жайында екенін білген ұстазымыз тәрбие сағатында әрқайсысымызға қатаң ескерту жасады.
Біздің мұғалім - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан дарын кенін ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Қазақ тілі пәні математикадан кем түспейтін ғылым екенін, білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз екенін білдірген де осы ұстазым.
Ұстаз – адам бойындағы тозбайтын ақыл иесі. Дүние дөңгелегі шыр айналып, адамдарды талай жартасқа басын соқтырып, «аһ» деген өкініштің теңізіне батырып жатады. Ал мұғалім – өзгермейтін дүние. Ақырын жүріп анық басып, Алатаудың қарындай ғасырлар бойы жинаған адами бейнесін жоғалтпай, балаға тәрбие мен білім шуағын төге, өз мамандығының ыстық-суығына көне, ешкімнен еш нәрсені талап етпей, сол баяғы паң мінезінен аумай, ақылының кеңдігімен бала көңілін аулап келе жатыр.
Жақында біз қазақ әдебиетінен оқымай келген едік. Мұғалім не істегенін білесіз бе?! Бәріміздің қазақ әдебиетімізді сыпырып алып, сыныптан «қуып» шықты. Сондағы айтқан сөзі: «Өз тілін, өз әдебиеті, өз тарихын оқымаған бала бұл кабинетте отыруға қақысы жоқ». Үнсіз қалған біз ештеңе дей алмадық. себебі «Сыныпты сабағынан қуып шығуға мұғалімнің қақысы жоқ. Ондай мұғалім мұғалім емес» деген қазіргі қағидаға қарамай, мұғалім осы әрекетке барды. Бірақ «ұстазы мықтының ұстанымы мықты» - дегендей апайымыздың осы әрекетінен біз көп нәрсені түйсіндік.
Осындай қасиеттерсіз Ұстаз ұстаз емес.
Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені, айналасына қуат беріп, жолында кездескен таудай қиындықты тастай домалатып, білімнің сар даласында толас тауып, дамылдайды. Ұстаз тәрбие майданында балалардың жат қылықтарымен арыстанша арпалысқан батыр. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен шәкірттеріне щуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз –ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Жасыру қиын тым қиын


Жасыру қиын тым қиын
Жасыру қиын,тым қиын.
Жүректегі мұң жараны.
Өзекті өртеп бір түйін
Күйдіріп мені барады.
Айтып та салдым жасырмай.
Сезімімді іштегі.
Болса да саған тосын жай.
Арманым өзің түстегі.
Байқамадым сен жақтан.
Ескен жылы самалды.
Өзгені ойлап мұңайдың,
Өзгені жаның қалады.
Ал менің болса жүрегім.
Жазылмастай жаралы

Ащы шындық тәтті мұң!


Ащы шындық-тәтті мұң!
Мен түндерде қиналғанда сені ойлап,
Сен өзгемен еш алаңсыз тілдестің.
Мен сен жайлы болмас жайды қиялдап,
Үмітімді үзбей мұңлы күй кештім.

Сен шаттанып, өзге жанмен қуанып,
Озге адамның жан жүрегін жылыттың.
Ал мен болсам, қос жанарым қуарып,
Өзгелердің бар екенін ұмыттым...

Қолын ұстап, өзге аруды аялап,
Тілдесерсің өзгелермен алаңсыз.
Мына мені, айтшы кімдер аямақ?
Сүйгенінің кеткеніне хабарсыз...

Мен ойлаймын, ал сен мүлдем ұмыттың,
Жібін үздің мендік нәзік үміттің.
Амалым жоқ:жырым, қалам, мұңыммен,