понедельник, 22 апреля 2013 г.

Дін мәселесі талқыланды


   Дін мәселесі талқыланды.
    Қай халықта да ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына  алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Сол себепті қазақ халқы да бұл істің маңызын түсініп, аса жауаптылық пен қырағылық танытуда.
 Қазіргі заман адамдары, жастарымыз адамдық тізгінін нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла ойлаған ібілістің құрығына шалынып, дүниенің жылтырына алданып, пендешіліктің батпағына малынып жатқан жайы бар. Бөтен дін ағымына еріп адасуда. Осы жолға тосқауыл қойып, жастарымызға тура жол сілтеу барысында  Түркістан қаласы  Халықаралық  қазақ-түрік университтетінің кіші залында Діни насихат жүргізілді. Студенттердің сұрағына нақты жауап берген Хылует мешіт имамы Омар Елеуұлы, профессор Досай Кенжатай, вице президент, профессор Талжан Райымбердиевтердің әңгіме-сұхбаты кедесу мазмұнын арттырды.
     Бұл жиналыс дінімізге берік болуға, өзге дін ағымдарына ермеуге әлимсақтан бері келе жатқан мұсылмандығымызды сақтауға бағыттады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий