понедельник, 22 апреля 2013 г.

Демеуші шенеуніктер


Ең алдымен  биылғы  блогқұрылтай жақсы ұйымдастырылды. Әу баста демеушілік танытуға ниет еткен бірқатар компаниялардың «лақтырып» кеткені болмаса,  негізгі демеушілер айтқанынан қайтқан жоқ.  Құрылтайға демеушілік жасаған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі белсене  әрекет жасады биыл. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов басқосуға келіп, блоггерлердің  сұрақтарына жауап берді.  Тамаша бейресми кездесу жасады.
§атқарушы билік өкілдері күні бүгінге дейін блоггерлерге назар аудармаған  еді. Алматыда өтті 2011 жылы. Есімов түгілі  орынбасарлары да төбе көрсетпеді. Астанада өтті  былтыр. Тасмағамбетов те  көрінбеген еді. Яғни,  әлеуметтік желілерде белсенді азаматтар мен блоггерлердің ықпалының артып келе жатқандығын  билік түсініп отырса да,  оларға назар аударуды ұмытып кете беретін.
§ Осы жолы бұл тоңды Мырзахметов  жібітті. Әрине, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәлидің тәуір тер төккенін  жұрт жақсы біледі. Бірақ, Асқар Исабекұлының  интернет қолданушыларға құрмет көрсетіп, жиынға келуі  әкімдердің арасында тұңғыш рет жасалған «ерлік» болды.  Одан бөлек әкімдік блоггерлерге  арнап тауда орналасқан «Бәйшешек» лагерін де әзірлеп қойыпты. Сөйтіп, блоггерлерге  тамаша off-line  сәтін жасап берді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий