понедельник, 22 апреля 2013 г.

Қалам ұстағандар дәріс алды


Қазақстандық экономиканың қар­қынды дамуы, оның жаһандық нарық­та орын алуға ұмтылуы түрлі бағдар­ла­маларды дүниеге әкелуде. Бүгінде ел арасында «Халықтық IPO» бағдар­ламасын түcіндіру жөнінде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.
Аталмыш бағдарламаны қазақ жерінде дамыту жайында арнайы се­минар- тренинг өтті. Бұл жоспарлы шараның басымдықтары мен мін­детте­рін ҚР Ұлттық Банкі Алматы қаласы­ның өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің төрағасы Дархан Нұрпейі­сов түсіндіріп берді. «Қаз­коммерц Се­кьюритиз» АҚ басқар­масының төр­айымы Шолпан Ай­набаева тақырып­­тың мән-жайын тереңнен тарқатты. Айту­­лы бағ­дар­ламаға қатысушы «ҚазТрансОйл» АҚ атынан Әсел Ғаббасова сөз алды.
Тренинг негізінен, экономика та­қырыбында қалам тартып жүрген жур­налистер қауымына арнал­ған­дықтан оларға өзге де қызықты баян­дамалар, тренингтер ұсынылды.
Осы саланың білгірі Ш.Айна­бае­ваның брокерлік қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне арналған баян­да­масына, Қазақстан қор биржасының жур­налистерге арналған ақпарат көз­дері мен бағалы қағаздар нарығының ин­фрақұрылымы тақырыбындағы лек­цияларға аса қызығушылық та­ны­тылды.
Сарапшы, экономикалық журна­листика бойынша жаттықтырушы Тө­леген Асқаровтың «Халықтық IPO» та­қырыбын көпшілікке ұсынудың әдіс-тәсілдері жайлы әңгімесі се­минар­ға қатысушылардың кө­ңіл­дерінен шықты. Әсіресе, түрлі ком­паниялар жа­йындағы материалдар­ды дайындау жөніндегі ұсыныстары журналистер қауымы үшін таптырмас көмек болды.
Семинардың екінші бөлімін қар­жылық коммуникациялар тәжіри­бесінің жетекшісі Әсел Нұрғазина «Биржа» іс­керлік ойынымен жал­ғастырды.
Қазақстанның бүкіл аймағынан жиналған журналистер қауымы баспа­сөз клубының президенті Әсел Қара­уыловаға іскерлік семинарды ұйым­дастыра білгендігі үшін өз ал­ғыстарын білдірді.
Семинар соңында журналистерге арнайы сертификаттар тапсырылды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий