понедельник, 22 апреля 2013 г.

Ерекше құрмет көрсетілді


Ерекше құрмет көрсетілді
Көктем келіп айналамыз қуанышқа толды. Кешегі аптада аналарымыз бен қыз -келіншектердің мерекесі атап өтілді.  Көктемнің алғашқы мерекесіне орай Заң факультетінің белсенді білімгерлері керемет іс шара өткізді. Аталмыш шараның  мақсаты-Заң факультеті ғимаратында еден жуатын апайларға сый сияпат жасап, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлау болатын.  Факультет лидері Жасұлан  Байкенжеевтің ұйымдастыруымен өткен бұл іс шарада еден жуатын апайларға құрмет көрсетіп, лебізін  алғашқы құттықтауында  жеткізді. «Ардақты ақ жаулықты аналар! Сіздерді осынау көктемнің алғашқы шуақты күндерімен ілесе келген айтулы күні  жақсылық пен мейірімділіктің, қуаныш пен шаттықтың мерекесі  Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн  табиғаттан бойына  әсемдік пен сұлулық, ойына ізгілік пен инабаттылық тән ару аналарымыздың, қырмызы қарындас-қыздарымыздың, жаны жайсаң жеңгей-келіндеріміздің мейрамы» деп қортындылады. Жас білімгерлердің  осындай тамаша, жылы, таза жерде сапалы білім алып жатқандары осы кісілердің арқасы. Егемен елімізге сән беріп, ерлігімізге нәр берген ардақты аналар  алдында  бас иіп, алғыстарын жеткізді. Мерекелік іс-шарадан  қолдарына гүл шоқтары мен сыйлық  ұстаған апайларға тәтті нанды тарту етіп,  тамаша көңіл-күймен тарасуына жас белсенділер септігін тигізді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий